Біз сіздің балаңыздың жетістігін білім мен шығармашылық инфрақұрылымымен байланыстыра отырып, жоғары сапалы білім беруді қамтамасыз етуге тырысамыз.ay-ana-21-edu.kz
"Ай-Ана-21" бөбекжай балабақшаның ресми сайтына қош келдіңіз!
""Ай-Ана-21" бөбекжай балабақша жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан, Шымкент қаласы, Шағын аудан Тұран, 1360 орналасқан.
Балабақшада 5 топ бар
Балдаурен - МАД тобы
Көгершін - Ересек тобы
Сұнқар- Орта топ
Дәстүр- Аралас топ
Балапан - Кіші топ
Балабақша ұжымы білікті педагогтардан, жоғары санатты тәрбиешілерден, аспазшылар және медбикелерден құралған. Біздің балабақшада мектеп жасына дейінгі баланы тәрбиелеу мен оқыту саласында заман талабына сай, уақыт сұранысын қанағаттандыратын жаңа бағдарламалармен, технологиялармен қамтамасыз етілген. Балабақшада үш мезгіл тамақпен қамтамасыз етілген. Жыл бойы балаларға жеміс-жидектер және сүт өнімдері беріледі. Барлық ертеңгіліктер, іс-шаралар ата-аналардың қатысуымен өткізіледі. Біз ата-аналармен біргелікте балаларды Отан сүйгіштікке тәрбиелейміз.